Book Chamber Portal

Қош келдіңіздер

Біздің сайт - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Баспа бағдарламаларын қалыптастыру басқармасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бірлескен жобасы.

Біздің сайт - Қазақстанның баспасөз нарығы туралы барлық керекті (ақпарат, мәлімет, хабар) алуыңызға көмек көрсетеді.

Бұл сайттан, Сіздер нормативтік- құқықтық базасы бар баспа қызметін реттеуші туралы, баспа өнімдерін халықаралық стандарттау (ISBN, ISSN , ISMN, ISRN), баспалардың тізімі және мекен жайы, кітап саудасы мекемелері, полиграфиялық кәсіп орындар, мекемелер, полиграфиялық құрал-жабдықтарды тасымалдау мен айналысу туралы, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын кітаптардың тізімі және баспасөз статистикасы туралы мәліметтерді табасыздар.

Бұл сайтта Кітап палатасына жеткізіліп отыратын міндетті даналар, газет және журналдарының тізімі мен мекен-жайы беріледі.

Сонымен бірге сайтқа кірушілер Кітап палатасының мұрағатында сақталып тұрған баспа өнімдерінің сирек кездесетін электрондық үлгісімен таныса алады.

Біз сіздердің көмектеріңізбен сайтымыздың жұмысын өрістетуге қуаныштымыз және баспа өнімдеріне қатысты барлықтарыңызды бірлескен ынтымақтастыққа шақырамыз.

Барлық тілек ескертулеріңізді Сіз мына мекен-жайға жолдауыңызға болады. 050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі 2 үй, тел. 8 (727) 397-61-15, Кітап палатасы, e-mail: info@bookchamber.kz

 

Құрметпен,

ҚРҰМКП директоры                 Сейдуманов Ж.Т.